Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ш. Сыдықовтың төрағалығымен тұрақты кеңес мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, мекеме және бөлім басшылары, сондай ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кеңесте жеті мәселе қаралды.
Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының міндетін атқарушы С. Қабақов құрылыс жобаларының жай-күйін баяндады. Шыңғыс Әбділәмитұлы құрылыс жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қадағалау бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Одан кейін, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Т. Насырадин инфрақұрылымдық жобалар бойынша биылғы және алдағы жылға жоспарланған жобалар туралы баяндады.

Білім саласы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Г. Абдазиева мектептердегі оқу процесінің сапасын арттыруға бағытталған шаралар туралы ақпарат берді. Аудан әкімінің м.у.а білім сапасын жақсарту үшін нақты тапсырмалар берді.

Егін жинау жұмыстарының барысы туралы аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә. Омаров баяндама жасады, аудан әкімінің м.у.а егін жинауды уақытында және шығынсыз аяқталуын тапсырды.

Аудан бюджетін ұлғайту бағытында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж. Ниматулла қаржы көздерін оңтайландыру және салық түсімдерін арттыру бойынша есеп берді. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуге тапсырма берілді.

Отбасының цифрлық картасын өзектендіру туралы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р. Әбдіқасов баяндама жасап, жобаның сапалы жүзеге асырылуы бойынша нақты тапсырмалар алды.

Мәжіліс соңында ауданның санитарлық тазалық мәселесі де қаралды.
Кемшіліктерге жол берген кент, ауылдық округ әкімдері мен мекеме басшыларына ескерту жасалып, тазалықты қадағалау және күшейту тапсырылды.

Барлық тапсырмалар тиісті басшыларға жүктеліп, олардың орындалуы бақылауда болатыны ескертілді.

БӨЛІСУ