Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек Жосалы кентінде орналасқан темір жол вокзалының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда, ғасырлық тарихы бар вокзал ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу мақсатында жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.
Аудан басшысы темір жол вокзалы ауданның маңызды көлік инфрақұрылымы екенін және оның жаңартылуы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтіп, тиісті сала басшыларына жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі вокзал маңындағы кәсіпкерлік нысандарды да аралап, олардың сыртқы келбеті мен жалпы жағдайын бағамдады. Жосалы кентінің әкімі мен сала басшыларына кәсіпкерлік нысандардың қасбеттерін қалыпқа келтіру және әрлеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Кәсіпкерлік нысан иелеріне ескерту жұмыстарын жүргізіп, олардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.