Білім беру ұйымдары ата-аналар комитетінің төрағаларымен кездесу өтті.

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов облыстағы барлық білім беру ұйымдарының ата-аналар комитетінің төрағаларымен кездесу өткізді.
Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, балалардың қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралды.
Шахмардан Асқарұлы білім саласын дамытуға байланысты аймақтағы атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.
Одан бөлек, жыл басынан бері білім басқармасы мен құзырлы мекемелердің кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жасалған жұмыстарға тоқталды.
Балалар арасындағы орын алып жатқан қылмыс пен құқық бұзушылықтар жөнінде статистикалық мәліметтер айта келе, ата-ананың жауапкершілігін арттыру бағытында тиісті шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті.
Жиын соңында бірқатар ата-аналар комитетінің төрағалары ұсыныстарын білдіріп, өз ойларын ортаға салды.
Мәжіліс қорытындысымен Ш. Байманов мектеп-оқушы-ата-ана үштағанын жандандыру қажеттігін атап өтіп, осы бағыттағы шараларды шұғыл қабылдауды тапсырды.
Жалпы, облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педогогикалық-психологиялық қолдау орталықтары жұмыс жасайды.
Орталықтардың негізгі мақсаты ата-аналардың бала алдындағы жауапкершілігін арттыру, оларға жан-жақты көмек беру.
Алдағы уақытта бұндай жиындар барлық аудандарда, білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өтетін болады.

БӨЛІСУ