Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қаржының игерілуі қатысты мәжіліс өтті.
Жиында аудан басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы өңіріміздің негізгі көрсеткіші болатынын айтып, қазынадан бөлінген әр теңгені тиімді пайдалану мен бюджеттен бөлінген қаржыны заңдылықтарға сәйкес дер кезінде және тиісті мақсатта игеру басты міндет екенін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап баяндама жасап, 7 айдың қорытындысымен қол жеткізген көрсеткіштерге тоқталды.
Аудан басшысы 7 айдың қорытындысымен жақсы көрсеткіш бар екенін айтып, алайда осы қарқынмен жылды да қорытындылау керегін айтты. Осыған сәйкес аудандық статистика басқармасымен, жауапты орындаушылармен бірлесіп, әрбір көрсеткіш бойынша оң нәтижелерге жету үшін уақытылы талдау жасау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар басқа да жауапты басшыларға жауапкершілік танытып, өздеріне тиесілі жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді ескертті.