Бүгіннен бастап аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің 2024 жылдың I жартыжылдығында ауданда атқарылған жұмыстардың қорытындысымен тұрғындармен кездесулері басталды. Соған сәйкес бүгін аудан басшысы Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Алғашқы жиын Басықара ауылынан бастау алды. Мұнда аудан әкімі ауыл жұртын жыл басынан бергі аудан көлемінде атқарылған жұмыстарымен таныстырып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сондай-ақ ел ішінде орын алып жатқан жағымды жаңалықтарды сөз етіп, тұрғындардың ұсынысына сәйкес шешімін тауып жатқан мәселелерді де айтып өтті.

Ауылдық клубтағы басқосуда елді мекен жұрты да бірқатар түйткілдерді тілге тиек етті. Атап айтсақ, көпшілік округ ішіндегі жолдар, су ұңғымасын қазу, балабақша, дәрігерлік амбулатория және жарық жайын ортаға салды.
Аудан әкімі тұрғындар көтерген мәселелердің әрбіріне жеке-жеке тоқталып, сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Тұрғындармен кездесу мұнан соң Құмжиек пен Қарашеңгел ауылдарында жалғасын тапты. Аудан басшысы қос ауылда өткен кездесуде есепті кезеңде аудан халқының игілігі үшін жасалған жұмыстарды сөз етіп, ауыл халқының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығын аудан басшысы мұқият тыңдап, барлығына да нақты жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Аудан әкімімен бірге елді мекендерге аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сарабековпен бөлім басшылары және коммуналдық салалардың басшылары бірге жүрді.

Айта кеткен жөн, аудан басшысы халықпен кездесулер барысында үш ауылдыңда мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория сынды әлеуметтік нысандарын аралап, қысқы жылу беру маусымына дайындықтарын қадағалады. Мекеме басшыларына жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына байланысты орын алған кемшіліктер бойынша шұғыл жұмыс жасап, жылу беру маусымы еш кедергісіз өткізу керектігін ескертті.

БӨЛІСУ