Қазалы аудандық емханасында 2024 жылы барлығы – 264628 дәрігерлік қабылдау жүргізілген. Оның ішінде 50,7 пайызы ауруына байланысты, 45,0%-ы алдын ала тексеру бойынша келіп қаралған. Үйге барып қызмет көрсету саны – 27450 құрап, былтырғы жылдан 3668 қызметке төмендеп отыр.

 Скринингтік тексерулерге тұрғындар арасынан – 26576 халық жоспарланып, 86,2 % қамтылған.

Аудандағы барлық босану саны – 952. Демографиялық көрсеткіш 1000 тұрғынға шаққанда туу көрсеткіші 637 / 11,6 % көрсеткішті құраған.

 Жыл басынан Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханаға – 7349 науқас түскен. Төсек күн жоспарының орындалуы – 114,1%, былтырғы жылмен салыстырғанда 20,7%-ға артып отыр.

Ағымдағы жылы ауруханада жалпы 628 хирургиялық, 37 лапароскопиялық ота жасалған.

 Ауылдық денсаулық сақтауды дамыту және медициналық тексерулер қолжетімді болу үшін профилактикалық медициналық қарап тексеруге жататын нысаналы топтарға қызмет түрін жақсарту мақсатында «КАМАЗ» маркалы жылжымалы медициналық кешенімен ауданда 12 923 халық жоспарланып, оның 5035 медициналық тексерулерден өтті. Анықтау көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 27,7 %-ға төмендеген.

Ағымдағы жылы ауданға барлығы 7 санитарлық автокөлік берiлсе, қыркүйек айының аяғына дейін 16 дана санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етіледі.

 “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” Ұлттық жоба аясында 2023 жылы «Қызылқұм», «Абай» және «Бозкөл» дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттары салынып, ел игілігіне табысталса, «Жетес би» дәрігерлік амбулаториясының ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

 “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жоба аясында ауданаралық аурухана көп бейінді аудандық аурухана болып өзгертіліп, ауруханаға қосымша ғимарат қосу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы МРТ (магнитті резонанстық томография) және КТ (компьютерлік томография) аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

 Биылғы жылы «Мұратбаев», «Шипагер», «Пірімов», «Жалаңтөс» дәрігерлік амбулаториялары және «Басықара» фельдшерлік-акушерлік бекетi мен аудандық аурухананың 2-ші ғимаратының (бұрынғы туберкулезге қарсы диспансері) бу қазандығын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ғимарат толық газбен қамтамасыз етiлетiн болады.

 «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының тәуліктік стационарына қосымша төсек-орындар берілiп, 188 төсектік тәуліктік стационар 218 төсек орынға ұлғайды.

БӨЛІСУ