Аймақта әскери қызмет жасындағы азаматтардың кезекті тобын Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Аталған салтанатты шараға Қызылорда облысының қоғамдық басқармасы басшысының орынбасары Қ.Әбілдаев, жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М.Құрманбаев, Қызылорда облысының қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары, подполковник А.Жакипов, шекара ардагерлерінің «Застава тарландары» Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің ардагері А.Худояров, «Сарбаздар анасы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ж.Шарапова арнайы қатысты.
Шығарып салу рәсіміне қатысқан қонақтар Отан алдындағы борышын өтеуге жөнелтілетін болашақ сарбаздарға өздерінің ыстық ықыластары мен тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, шара барысында мәдениет саласы қызметкерлерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Айта кету керек, Қызылорда облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қатарына күзгі әскерге шақыру маусымында 27 азамат жөнелтілді.
Аймақта әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімдері алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ