Заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Облыстық прокуратураның үйлестірумен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері қарастырылған Заң дөңгелек үстелде талқыланды.
Жиынға прокуратура, сот, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және ұлттық банк филиалының өкілдері, екінші деңгейлі банк филиалының директорлары мен заңгерлері, адвокаттар қауымдастығы, құқық қорғау органдары басшылары «киберпол» тобының қызметкерлері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы заңнамаға енгізілген 34-бабындағы өзгерістерге тоқталып, қылмыстық іс жүргізу мен сот тергеуі барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен дайындық жұмыстарының жай-күйі көтерілді.
Баяндамашылар тергеу кезіндегі орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолын жеткізді.
Нәтижесімен қатысушылар тиімді тергеу тәжірібиесін қалыптастыру бағытында өз ойларын ортаға салып, шешу жолдары айқындады.