«Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Әйтеке би кенті, М.Матаев атындағы №170 орта мектептің 7-11 сынып оқушылары арасында Қазалы ауданы полиция бөлімінің ЖПҚб-нің ЮПт-ның аға инспекторы полиция майоры М.Бегалиева, Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры А.Жұмашев, Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты С.Бүркіттің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын-алу мен су айдындарындағы қауіпсіздіктерді қамтамасыз ету, келеңсіздіктерді болдырмау бойынша жиналыс өткізілді.
Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Осы орайда, кәмелетке толмағандар мен жастар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, оларға қарсы қылмыстың жасалуына жол бермеу, сондай-ақ оқушылар мен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қыркүйек айының 10-12 күндері аралығында облыс көлемінде «Қауіпсіз мектеп» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқу орнындағы тәртіпті нығайтып, кәмелетке толмағандар, оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, топтық төбелес, буллинг, қорқытып алушылық, қоғамға қарсы іс-әрекетке тарту қылмыстарының жолын кесу, қоғамдық орындарда, жолдарда және бейтаныс адамдармен қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары бойынша білім беру ұйымдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады.
«Қауіпсіз мектеп» бойынша оқушылардың қауіпсіздігін сақтай отырып алдын – алу шараларының жұмыстары әрі қарай жандандырылып, жұмыс жасалады. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар жалғасатын болады.