Тұрар Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінде мектепішілік оқушылар жиналысы өткізілді.

Ақсай Полиция бөлімінің жедел уәкілі Байменов Әзімхан мен полиция инспекторы Төребек Ақмарал Жарасбекқызы мектеп оқушыларына жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу, топтық төбелесті болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127, 127-2, 132, 200, 434, 435, 437, 442, 610, 612, 620 баптарын толықтай түсіндіріп өтті. ҚР Қылмыстық кодексінің 124, 108, 109, 187, 188, 190, 191, 293 баптары бойынша кәмелетке толмаған адамдарды тәрбиелеу жұмыстарына тоқталып, баланың заңды өкілі ата-ана болғандықтан, оның заңға қайшы әрбір әрекетіне ата-ана жауапты екендігін түсіндірді.
Оқушыларға буллингтің алдын алу, бірін-бірі кемсітпеуге тәрбиелеу туралы сөз қозғалды.
Жолда жүру ережелері мен жолда жүру белгілеріне байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Түсіндірме жұмысы барысында оқушыларға жол өткелдерінен, жаяу жүргіншілер жолағынан өту ережелері түсіндірілді.
Жасөспірімдер арасында суицидті болдырмау туралы «ALEXEY SULTAN AKHMET» емханасының психолог маманы Қарғабай Ақбала Қарғабайқызы мен мектеп психологі Оспанова Динара Жанұзаққызы сөз алып, суицидтің алдын-алуға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, адамның кей кездерде стресске қарсыласа алмауы, дұрыс шешім қабылдауда қиналуы, мәселені шеше білудегі қабілетсіздіктеріне байланысты кеңестер берді. Өмірді жағымды қабылдай білуге байланысты оқушылар арасында тренингтер жүргізді.
Жастар денсаулық орталығының гинеколог маманы Идирисова Айгерим Муратовна сөз алып, зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бағытында кеңестер берді. Мектепте болсын, мектептен тыс уақытта болсын оқушылар арасында физикалық және психикалық тұрғыдан қысым жасалмауын, егер қандай-да бір зорлық-зомбылық фактілері анықталса, ол үшін жауапкершіліктің бар екендігін естен шығармау қажеттігін ұғындырды.
Жасөспірімдерге азғындатушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, ерте жүктілікті болдырмау, репродуктивті денсаулықтың мәнін ұғындыруға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп инспекторы Төребек Ақмарал Жарасбекқызы мен мектеп аяжаны Сарбаева Айнұр Мұратбекқызы сөз алып, оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу оның ішінде нашақорлық пен темекінің, уытқұмарлық пен электронды темекінің қауіптілігіне байланысты түсіндірме жұмыстарын жасап, оқушылардың пікірлерін тыңдады.
Кибербуллингтің алдын алу мақсатында оқушыларға әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдаланып, бөгде адамдармен байланыс жасамау қажеттігі ұғындырылды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Балымова мен Б.Бектемір оқушылардың тәртібі мен жүріс-тұрысына қатысты сөз алып, тәрбиенің адам өміріндегі маңызын түсіндірді.

БӨЛІСУ