Сақшылар «Қауіпсіз мектеп» және «Скутер» жедел профилактикалық іс шарасы аясында оқушылармен кездесу өткізді.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 11-күні Арал қаласындағы №71 орта мектептің ата-аналарына Республика көлемінде өтіп жатырған «Қауіпсіз мектеп» және «Скутер» жедел профилактикалық іс шарасы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалылық кездесу өткізілді.
Іс шараға бөлімнің ювеналды полиция тобының инспекторы полиция аға лейтенанты Ерекеев Болат қатысып, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, түнгі мезгілде көшеде жүрмеу, электронды шылымның зияны және қоғамдық орында қолдануға тыйым салынғандығы, кәмелетке толмағандар арасында көлік жүргізбеу, алкогольді ішімдіктерді қолданбау керектігі жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар іс-шара барысында жасөспірімдерді қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттерінен аулақ болуға және түнгі сағат 22.00 –ден кейін компьютерлік клубтарда, кафе барларда отыруға, сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынғандығы ескертіліп, әр азаматтың міндеті-заң талаптарын бұзбау, оны бұзу – жауапкершіліктен құтқармайтындығы ескертілді.