Бүгін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның жаңарту және жаңғырту жұмыстары мен инвестициялық міндеттемелерінің орындалуымен танысу мақсатында арнайы баспасөз туры өтті.

Баспасөз турына «Ақ жол» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Б.Сандыбаев, Н.Сопбеков, «Ауыл» партиясынан сайланған депутат Қ.Сақтағанов, «AMANAT» партиясынан сайланған депутаттар Ж.Нұрымбетов, Е.Искендер және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы А.Егембергенов, КРЭК АҚ-ның бас инженері Ш.Рахышев қатысты.
Шараның мақсаты – берілетін электр энергиясының сапасы мен сенімділігін арттыру, желілердің нормативтік ысыраптары мен тозуын азайту.
Қазіргі таңда электр желілерінің тозуын төмендету және электрмен жабдықтау сапасын арттыру мақсатында инвестициялық бағдарламасы бекітілген. Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Сыр өңірінің тұтынушыларын сенімді үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және негізгі құралдардың тозу дәрежесін азайтуға мүмкіндік береді.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыру бойынша, тозу деңгейін 2 пайызға азайту мақсатында облыстық бюджеттен жалпы ұзындығы 0,5 шақырымды құрайтын 35кВ Л-33,34 «Сырдария» өзенінің өтуі, 128,6 шақырым Қызылорда қаласындағы 10/0,4кВ әуе желілерін қайта жаңғырту және қайта құру, 0,4кВ кабель желілерін қайта құру 5,6 шақырым, ТП,КТПН-10/0,4кВ қосалқы станцияларын КТПБ-ға ауыстыру 16 дана ғимараттар мен электр қондырғыларын жөндеуге қаржы бөлінді.
Шара барысында бекітілген инвестициялық бағдарламаны іске асыру барысында орындалған жұмыстармен таныса келе, халық қалаулылары тарапынан саладағы электр жабдықтарының сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілігін жақсартуға, электр желілерінің тозуын азайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға байланысты бірқатар ұсыныс пікірлер айтылды.

БӨЛІСУ