ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық-фармакологиялық қызметті жетілдіруге бағытталған “Жол картасына” сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен медицина қызметкерлері арасында оқу-әдістемелік семинар өткізiлдi.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Мирзанова Мая Миранбайқызының төрағалығымен өткен семинарда госпитальдық фармация бөлімшелерін ұйымдастыру және жұмыс барысы талқыланды.
Одан соң кезек баяндама легiне жалғасты. Көпбейінді облыстық ауруханасының дәріхана меңгерушісі М.Сейтназарова «Госпитальды фармация жұмысы» тақырыбында, облыстық онкология орталығының дәріхана меңгерушісі С.Акбембетова «Госпитальды фармация бөлімі жұмысымен таныстыру» тақырыбында, Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасының клиникалық фармокологы М.Нартаева «Медицина ұйымдарындағы клиникалық фармакологтың рөлі» тақырыбында баяндаса, одан әрi облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Л.КАйтымбетова «Медицина ұйымдарының госпитальды фармация бөлімдерінің дайындығы» тақырыбында кеңінен тарқатты.
Одан соң қатысушылар облыстық перинаталдық орталығының госпитальды фармация бөлімінің жұмысымен танысты.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесі-өте үлкен де жан-жақты процесс. Соның ішінде стационарлық, яғни ауруханалардағы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау министрлігінің клиникалық фармакология қызметін жетілдіру жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы бекітілген.
Аталған жол картасында клиникалық фармакология жүйесін жетілдіру, клиникалық емдеу хаттамаларын өзектендіру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, клиникалық фармакология қызметін цифрландыру, госпитальдық фармация бөлімдерін ашу мәселелері қарастырылған. Осы жол картасына сәйкес, облысымызда 17 медициналық ұйымдарында госпитальдық фармация бөлімдерін ашуды жоспарлап отырмыз. Госпитальдық фармация медициналық мекемелердегі емдеу-диагностикалық процестің ажырамас бөлігі болып табылады және дәрілік заттарды қауіпсіз тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағдарланған, сондай-ақ қолданылатын дәрі-дәрмектердің сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Медициналық ұйымдағы госпитальдық фармация бөлімшесі дәрі-дәрмектерді зарарсыздандырылған жағдайда буып-түю және сұйылту, дәрі-дәрмектерді сақтау шығындарын оңтайландыру және оларды сақтаумен және әр бөлімшеде босатумен айналысатын маманға шығындарды азайту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

БӨЛІСУ