Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты С. Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық “Білім-инновация” лицей-интернатының 11-сынып оқушысы 2024 жылғы 1-8 қыркүйек аралығында Египет, Александрия қаласында өткен дүниежүзілік информатика пәндік олимпиададасынан қола медаль иеленді.

90 елден 350-дей оқушы қатысқан дүбірлі додаға қатысқан 4 оқушыдан құралған қазақстандық командадан жүлдеге ие болған оқушымыз Иса Ахмет осы уақытқа дейін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиада информатика пәні бойынша 2022, 2023 жылдары облыстық кезеңінен 1 орын, дәл сол жылдары республикалық пәндік олимпиадада информатика пәні бойынша республикалық қорытынды кезеңінен 3 орын, 2022 жылғы 4-5 желтоқсан, аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында мектеп оқушылар арасында информатикадан XIV еуразиялық олимпиадасынан күміс медаль және ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Жыл айналып 2023 жылдың 4-5 желтоқсанында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің базасында мектеп оқушылар арасында информатикадан XIV еуразиялық олимпиадасынан «Алтын медаль» иеленді.

2024 жылы да жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадада информатика пәні бойынша республикалық қорытынды кезеңінде 1 орын, 2024 жылдың 9-11 ақпанында онлайн форматта өткен халықаралық infO (1) Cup жасөспірімдер олимпиадасы «Алтын медаль»,
2024 жылы 9-13 қаңтар Алматы қаласында XX халықаралық Жәутіков атындағы олимпиадада II орын алып, күміс жүлдеге ие болды.

БӨЛІСУ