Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 2 қыркүйегіндегі кезекті Жолдауында халықтың көкейінде жүрген мәселелер көтеріліп, оларды шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Жолдаудың қойған міндеттері өте зор. Осы орайда Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары және белсенді мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде басқарма басшысы Президент Жолдауында елдің әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бірқатар игі бастамаларын атап өтті. Сонымен қатар, Жолдауда айтылған міндеттер елдің әлеуметтік, экономикалық саласын жандандыруға негізделгенін айтты.
Шарада “Қоғамдық келісім” мекемесі директорының орынбасары, PhD-докторы Дәулет Омаров Президент жолдауда экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұрғанын атап көрсетті.
Сонымен қатар біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажеттігін және стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санайтынын жеткізді.
Талқылауға қатысқан ассамблея өкілдері Жолдауда жаңашылдыққа бастайтын жоспар мен жоба, соның ішінде денсаулық саласын дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру, еңбек өнімділігін арттыру, салаларға серпін беру жайын жан-жақты талқылап, өз ой-пікірлерін білдірді.