Кездесуде озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамытудың әлемдік тәжірибесіне сүйенген облыстық халықтық штаб мүшесі Баймырза Қожамберлиев АЭС құрылысы елдің экономикасы мен энергетикалық қуатын арттыратынын тілге тиек етті.

Ал штаб мүшесі Серікбай Өмірзақов: «АЭС – болашақта елді энергетикалық тәуелділіктен алып шығатын зор мүмкіндік. Жасыл энергия көзіне жататын атом электростансасын салу арқылы ғалымдар бірнеше мәселені шешуге болатынын айтып отыр»,-деді.

Штаб мүшесі Пірмұхаммед Сыздық Қазақстан дамушы ел. Сондықтан Атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз орынды. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, – деді өз сөзінде.

Кездесуде ауыл тұрғындары АЭС салу бойынша сұрақтарын қойып, штаб мүшелерінен тиісті жауаптарын алды.

БӨЛІСУ