Аймақтық және қалалық Халықтық штаб өкілдері Белкөл кентінің тұрғындарымен кездесіп, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауынан туындаған маңызды мақсат-міндеттерді түсіндірді.

Ел Президенті халыққа жолдауында маңызды 9 мәселені атап өтіп, нақты тапсырмалар берген болатын. Соның ішінде ең өзекті мәселенің бірі – жасыл энергия көзіне көшу.
Бүгінде Еуропа, Қытай мен АҚШ елдері АЭС-тың озық үлгілі технологияларын қолданып, ішкі электр қуаты қажеттіліктерін өтеп, артығын көрші мемлекеттерге экспорттауда. Бұл аталған елдердің экономикалық әлауқатына оң әсерін тигізіп, инвеситиция көлемін, жұмыс орны санын арттыруда.

Кездесуде қалалық Халықтық штаб төрағасы Ибадулла Құттықожаев Жасыл энергияны пайдалану бойынша көрші мемлекеттер тәжірибесін атап өтті.

“Жасыл энергия көп елдерле кеңінен қолданылуда. Мәселен, Қытай мен Ресей елдерінде, Франция мен АҚШ-та АЭС қарқынды жұмыс істеуде. Себебі, қазіргі таңда электр қуатының тапшылығы жаһандық мәселеге айналып отыр. Атом электр станциялары энергияны өндіре отырып, қоршаған ортаға да оң әсерін тигізуге жол ашады. Бүгінде көмір, мұнай жағып электр энергиясын өндіру салдарынан ауаға көмірқышқыл газы көптеп бөлінуде. АЭС құрылысымен айналысатын мамандар бүгінде станцияның 3+ санатындағы нұсқасын ойлап тапқан. Сондықтан, бұл нұсқа дамыған мемлекеттерде қарқынды іске асуда»,-деді.

Әріптесінің сөзін жалғаған штаб мүшесі Қайрат Боранбаев дамушы мемлекеттер үшін маңызды мәселеге айналған электр тапшылығы біздің елде де орын алу қауіпі бар екенін және бүгінгі күні жылу, көмір станцияларынан келетін улы газдардың үлесі 80 пайыздан асып, қоршаған ортаның экологиялық ахуалын үдетіп жатқандығын атап өтті.

Жиында кент тұрғындары АЭС бойынша өздерін толғандырған сауалдарын жолдап, штаб мүшелерімен пікір алмасты.

БӨЛІСУ