Қазалы ауданының білім беру саласында барлығы 91 білім беру ұйымдары жұмыс істейді.Қазіргі таңдаЕл Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жанқожа батыр ауылында 300 орындық мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қазіргі таңда мектеп ғимаратының кірпіш қалау жұмыстары аяқталып, төбе жабындысын жабу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ішкі сыртқы әрлеу, кафель жапыстыру,мектеп ауласын абаттандыру жұмыстары жасалуда. Білім ордасының құрылысы биыл аяқталады деп жоспарлануда. Мердігер «Асар» ЖШС.
Мұнан бөлек биыл ұлттық жоба аясында Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығында 600 орындық мектеп құрылысы басталмақ.

БӨЛІСУ