Қазалы ауданында қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары басталды. Осыған орай аудандағы 166 нысан жылу беру маусымына дайындықты бастап кетті. Олардың қатарында мәдениет, денсаулық, спорт, білім беру және тағы да басқа мекемелер бар.

Аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев бастаған тиісті сала басшылары Ақтан батыр ауылын газдандандыру және басқа да газдандырылған елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау мен мәдени нысандардың табиғи газ отынына бейімдеу жұмыстарының құрылыс жұмыстарын аралап, әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын қадағалады.

Аралау барысында жауапты мекемелерге құрылыс жұмыстарын сапалы орындауды және жылыту маусымы басталу мерзіміне дейін нысандарды пайдалануға беруді тапсырды. Сондай-ақ жылу беру маусымында ешқандай кемшілік орын алмауы қажеттігін ескертті.

Жылу беру маусымындағы бұл жұмыстар аудан әкімдігі тарапынан күнделікті қатаң бақылауға алынып отыр.

БӨЛІСУ