Бүгін АЭС салуды қолдау бойынша аудандық халықтық штаб мүшелері Сырдария аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау бөлімі қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында аудандық халықтық штаб мүшелері Е.Жақып пен А.Ибрагимұлы сала өкілдеріне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын насихаттады.

Штаб мүшесі Е.Жақып «Мемлекет басшысы өз Жолдауында үстіміздегі жылдың 6 қазанында Қазақстанда АЭС салу бойынша жалпыхалықтық референдум өтетіндігін айтты. Ауданда АЭС салуды қолдау бойынша халықтық штаб құрылып, түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, Атом электр станциясында өндірілетін электр энергиясының құны басқа энергия көздерімен салыстырғанда жоғары болмайды, өйткені ондағы отынның бағасы тұрақты және энергия сыйымдылығы жоғары, сондай-ақ станцияның қызмет ету мерзімі 60 жылды құрайды, оны 80 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар. Тариф вендорлармен келіссөздер жүргізіп, жобаны жүзеге асыру шарттарын талқылағаннан кейін және жобалық құжаттаманы әзірлеуден соң анықталады. Бұл талқылаулар мен құжаттаманы дайындау жобаның барлық экономикалық және техникалық аспектілерін ескере отырып, әділ және бәсекеге қабілетті бағаны белгілеуге көмектеседі»,-деді.
Өз кезегінде бөлім басшысы Болатбек Ұлтанбекұлы сөз алып «Мемлекет басшысының Жолдауын ұжым болып тыңдадық. Сала мамандарына АЭС салудың маңыздылығын түсінді деп ойлаймын. Мұндай станциялар елдегі индустриализациялау мүмкіндіктерін арттырады Және жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді. Әрі электр энергиясымен өзін-өзі қамтамасыз ететін елге айналамыз»,-деді.

БӨЛІСУ