Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шіркейлі ауылындағы №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейге барып, жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты.
Аудан басшысы білім ошағындағы кабинеттерді, кітапхана, акт залын, спорт залы мен асхананы аралап көрді. Сонымен қатар, мектептің жылыту қазандықтарын да көріп, барлығы жаңа оқу жылына дайын болу керектігін атап өтті. Жаңа оқу жылын оқушылар жаңа леппен қарсы алуда еш кедергі болмау керектігін ескертті.
Бүгінде ауданда білім ошақтары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылына дайын. Биыл Н.Ілиясов ауылындағы №132 Т.Айтбаев атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық мектепте балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылған.
Айта кетейік, ауданда 2024-2025 оқу жылында 8262 оқушы оқиды, оның ішінде 1 сыныпқа 790 қабылданады.
«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру бойынша аудан әкімдігімен іс-шара жоспары бекітіліп, ведомоствалық бағынылыстылығына қарамастан барлық мекемелерге жолданды. Акция барысында көмек алатын балалардың базасы жасақталды. Аудан бойынша 2164 оқушы міндетті оқу қоры есебінен бір реттік қаржылай көмек ретінде 43407 теңгеден 93932,7 мың теңге қаржы берілді. Аталған қаржы ата-аналардың есеп-шотына түсті.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының демеушілігі есебінен 378 балаға 5115,0 мың теңге, «Аманат» партиясының жарнапұлы есебінен қайырымдылық көмек 50 балаға 500,0 мың теңге , аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ есебінен білім саласы қызметкерлерінің 80 (45 мектеп, 15 қосымша білім беру ұйымдары, 20 балабақша) баласына 1280,0 мың теңге, мектеп тарапынан 89 балаға 1105,0 мың теңге барлығы 101 932,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.Мектепке жол акциясы аясында көмек көрсету жалғасын табатын болады.