Бүгін ауданда өткен «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – ауылды дамытудың негізі» республикалық семинары барысында облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев «Үлгілі елді мекен» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Іс-шараға Сыр өңіріне арнайы келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Парламент Сенатының, Мәжілісінің депутаттары қатысты.

Байқау нәтижесімен «Үлгілі аудан» номинациясы бойынша Тереңөзек кенті үшінші орынды иеленіп, арнайы техникалар берілді.

Ал «Үлгілі елді мекен» номинациясы бойынша тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін үлгілі ауылдарды абаттандыру жобасын қаржыландыру үшін Айдарлы ауылына 15 млн. теңгенің сертификаты табысталды

БӨЛІСУ