Сырдария ауданы әкімінің 2024 жылғы 1 тамыздағы №142-Ө өкімімен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметіне Бақытжанұлы Мейірхан тағайындалды.

Бақытжанұлы Мейірхан 1992 жылы Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 2010-2014 жылдары Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Технологиялық машиналар және жабдықтары» мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын 2014 жылы «Айзон» серіктестігінің директорының орынбасары қызметінде бастаған. 2016-2022 жылдары Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жетекші маман қызметін атқарған. 2022 жылдың маусым айынан осы кезге дейін Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.

Аудан басшысы Бақытжанұлы Мейірханның жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

БӨЛІСУ