ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәжілістегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері М.Ергешбаев пен М.Жайымбетов Сырдария ауданына сапары барысында «Руханият» орталығының құрылысымен танысты.
Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысы үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған. Тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Мердігер мекеме «ТЕХОСНОСТКА-РЕМСЕРВИС» ЖШС. Бас жобалаушы «Ремпроект» ЖШС. Құрылыс жұмыстарын алдағы желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған. Келісімшарт құны 1 411,8 млн. теңгені құрайды. Ғимараттың жалпы алаңы 1816 шаршы метр.
«Руханият» орталығының құрылысы толық аяқталғанда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар ұйымдары, жастар орталығы орналасатын болады.
Мәжілісмендер мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын уақытылы және сапалы аяқтау қажеттігін атап өтті.
Шараға аудандық партия филиалының төрағасы Е.Әжікенов пен аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев қатысты.