Аудан бойынша қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметкерлеріне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы консультациялық-кеңесші органның отырысы өтті.
Консультациялық-кеңеске аудан әкімінің орынбасары Ғ. Сүлейменов төрағалық етті.
Күн тәртібіне сәйкес, ауданда пробация қызметінің және полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі есебінде тұратын азаматтарды салауатты өмірге ынталандыру, спорттық іс-шараларға тарту мәселесі қаралды.
Сонымен қатар, түзету мекемелерінен босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың жұмыспен қамтылуы жөнінде атқарылған шаралар туралы ақпараттар тыңдалды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берілді.