Енді Қазақстанда әйелді ұрғаны үшін қандай жаза қолданылады?

(бұл жаңа нормалар әйелге ғана емес, кез келген азаматқа қатысты осы құқық бұзушылықтар жасалса қолданылады)
Ұрып-соғу(ҚР ҚК 109-1 бабы )- 80 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 80 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу-25 күн.
2-бөлігі бойынша-200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу-50 күн.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру(ҚР ҚК 108-1 бабы) – 200 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету. жұмыстары, 200 сағат қоғамдық жұмыстар, қамауға алу-50 күн.
2-бөлігі бойынша-1000 АЕК-ке дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары, 600 сағат қоғамдық жұмыстар, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру.
Мына баптардың санкциясынан бас бостандығын шектеу нормасы алынып тасталды:
Қинау(ҚР ҚК 110 бабы)-1000 АЕК-ке дейінгі түзету жұмыстары, қоғамдық жұмыстар -600 сағат, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру (ҚР ҚК 107бабы)-1000 АЕК дейінгі айыппұл және түзету жұмыстары – қоғамдық жұмыстар – 600 сағат, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру (ҚР ҚК 106 бабы)-3 жылдан 8 жылға дейін, 2- бөлігі 6 жылдан 10 жылға дейін, 3-бөлігі 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Егер күйеуі бірінші рет ұрса?
Кімнің ұрғаны және нешінші рет ұрғаны маңызды емес, енді кез-келген зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

БӨЛІСУ