ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері М.Ергешбаев пен М.Жайымбетовтың сапары Сырдария ауданында жалғасты.
Мұнда депутаттар алдымен Тереңөзек кентіндегі «Тағзым» алаңына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.
Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Пульс» ЖШС атқаруда. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 115 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда алаңға брусчаткалар төселуде.
Мұнан соң мәжілісмендер ауданға қарсты А.Тоқмағанбетов ауылында болып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Ақсақалдар биыл елді мекенге көгілдір газ келетінін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Депуттардың жұмыс сапары ары қарай «Руханият» орталығының құрылыс басында жалғасын тапты.
Тереңөзек кентінен салынып жатқан «Руханият» орталығының құрылысы үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған. Тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Мердігер мекеме «ТЕХОСНОСТКА-РЕМСЕРВИС» ЖШС. Бас жобалаушы «Ремпроект» ЖШС. Құрылыс жұмыстарын алдағы желтоқсан айында толық аяқтау жоспарланған. Келісімшарт құны 1 411,8 млн. теңгені құрайды. Ғимараттың жалпы алаңы 1816 шаршы метр.
Фракция мүшелері Н.Ілиясов атындағы ауылдағы абаттандыру жұмыстарымен танысып, содан соң №132 Т.Айтбаев атындағы мектепке жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын зерделеді.
Күрделі жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылдың тамыз айының аяғына дейін толық жоспарланған.