Облыс әкімінің орынбасары А.Зебешевтың төрағалығымен Жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмысшы топ отырысы өтті.
Аталған отырыста облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы
Әлдешов Рауан Қырымұлы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жайында баяндама жасады.
Облыс әкімінің орынбасары осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Облыстық полиция департаментіне автомобиль жолдарындағы қауіпті учаскелерді анықтап, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің санын азайту бағытында кең көлемде профилактикалық акциялар ұйымдастыруын, кемшіліктерді жою және ол аумақтарды жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар енгізуін тапсырды.
«ҚазАвтожол» акционерлік қоғамының облыстық филиалына облыстық полиция департаментімен бірлесіп, қауіпті аймақтарда жүргізушілер үшін арнайы құралдар мен жол белгілерін орнату, елді мекен тұрғындарына төрт түлік малды бақылау жөнінде түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды. Облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатысты, оның ішінде көлік оқиғаларының салдарын түсіндіре отырып, тәрбиелік мәні бар әлеуметтік «бейне ролик» әзірлеуді және оларды телеарналар мен әлеуметтік желілерде кеңінен ақпараттандыру қамтамасыз етілуін тапсырды.

БӨЛІСУ