Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев қала және аудан әкімдіктері мен газ желісі ұйымдарының басшыларымен жиын өткізді. Жиналыс барысында ҚР Энергетика министрінің 2024 жылғы 26 маусымдағы №233 бұйрығына сәйкес 01.07.2024 жылдан бастап сұйытылған газ бағасының қымбаттау мәселсі талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, өңірімізде газдың шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін – 70 теңгені құраса, ал, облыс орталығынан 200 километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін шекті бөлшек сауда бағасы 1 литр үшін – 75 теңгені құрайтын болады.

Яғни, тұтынушыларға арналған баға 9%-ға өссе, ал, газ желісі ұйымдары үшін газ өңдеу зауытынан сатып алынатын бағасы 12%- ға өседі.

Ардақ Темірханұлы сөз басында әлеуметтік сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету және баға мәселесі бойынша күнделікті бақылау және мониторинг жүргізілетіндігін айтты. Облыс аумағында сұйытылған мұнай газды өткізумен 210 автогаз құю станциясы арқылы 24 оператор жүзеге асырады.

Мәжіліс барысында Ардақ Темірханұлы бірқатар тапсырмалар жүктеді. Газ желісі ұйымдарына облыс орталығы мен аудандарда газды тұрғындарға еркін және ашық босатуын, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, қала, аудан әкімдіктері бірлесіп, тұрғындар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

БӨЛІСУ