28 маусым күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында ҚР Әділет министрлігі жанындағы «Ұлттық зияткерлік меншік институты» (Qazpatent) өңір кәсіпкерлеріне Тауар белгілерін, географиялық нұсқамаларды және өнеркәсіптік үлгілерді тіркеуге арналған көшпелі оқыту өткізді.
Шараны Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Пірмұхаммед Сыздық жүргізіп, облыстық Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева қысқаша ақпарат беріп өтті. ҚР Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Тауар белгілері, географиялық нұсқамалар, тауарлар шығарылған жерлердің атаулары және өнеркәсіптік үлгілер департаментінің басшысы Гульнара Белгожина өз кезегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кәсіпкерлердің бірқатар сұрақтарына жауап берді.
Оқыту аясында Qazpatent жетекші сарапшылары қатысушыларға тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштерді, өнеркәсіптік үлгілерді тіркеу, тауар белгісін шетелде қорғау және бизнесті жосықсыз бәсекелестерден қорғау тәсілдері туралы өзекті ақпараттарды ұсынды. Сонымен қатар, Qazpatent жеке кабинетінде өтінімдер беру мен жұмыс істеуде практикалық көмек көрсетті.