Сырдария ауданы бойынша жасөспірімдер арасында түңгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз көшеде және ойын-сауық орындарында жүруінің алдын алу бойынша рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Кент және ауылдық округтерде құрылған жұмысшы топқа аудан әкімдігі, білім бөлімі, полиция бөлімі және ата-аналар комитеті бірлескен түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Рейд жұмыстары аулалар, саябақтар, көпқабатты тұрғын үйлер, демалыс орындары және т.б адам көп шоғырланатын орындарда ата-аналар мен жасөспірімдерге заңды өкілдерінсіз мекен-жайдан тыс жерде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы бойынша шара көрілетіні ескертілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарына кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық мекемелеріне кіргізу, алкогольдік және темекі өнімдерін сатудың заңдылығы түсіндірілді.

БӨЛІСУ