Ағымдағы жылдың 1 шілде күні бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларына сәйкес, облыс әкімінің қаулысымен құрылған комиссия облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Амантайұлының басшылығымен Қармақшы ауданына қарасты «Ақтөбе и К» ЖШС-ін кезекті аттестациядан өткізу үшін зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, 10 000 тоннадан астам күріш тұқымын сақтайтын 2 қоймасы бар. Аталған шаруашылық күріш тұқымын тазартатын заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Зерделеу барысында бұл шаруашылықтың 1-ші репродукциялы күріш тұқымын өндіруге толық сәйкестігі анықталды.

Жұмыс сапары барысында «Қармақшы құс» ЖШС-нің қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының жұмыс барысымен танысты. Қазіргі таңда аталған шаруашылық құс етін нарыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

БӨЛІСУ