ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтың жұмыс сапары Қармақшы ауданында жалғасып, депутат мұнда бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады.

Мәжілісмен алдымен Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданына тартылатын газ құбыры мен орамішілік газ тарту желілерінің құрылысы алаңына барды.

Мердігер мекеме “Транс Азия Констракшн” ЖШС тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда. Жоба бойынша 42,5 шақырым газ құбырынан 40,0 шақырым газ құбыры тартылды және әр абонентке газ нүктесін шығару жұмыстары атқарылуда. Осы жұмыстармен бірге 5 ГРПШ орнату жоспарлануда.
Қазіргі уақытта газ тарту құрылысы 7 техникамен қамтылып, 20 жұмысшы жұмыс жасауда.

Сонымен қатар халық қалаулысы кенттегі партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысын көрді.

Мұнан бөлек фракция мүшесі «Руханият» орталығы құрылысының жұмыстарын және аудан бойынша салынып жатқан құрылыс нысандарының бірі- III Интернационал ауылындағы денешынықтыру сауықтыру кешені құрылысымен танысты. Айта кетейік, 2023 жылы кешеннің құрылыс жобасына ҚР Ұлттық қорынан құрылыс жұмыстарын бастауға 209,963 млн. теңге бөлінген болатын, ал 2024 жылы ҚР Ұлттық қорыдан 150,0 млн теңге бөлінді. Құрылыс нысаны ағымдағы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде ел игілігіне бағытталған жұмыстардың ең бірінші кезекте сапалы болуы қажеттілігін айтып, бөлінген мемлекет қаржысының уақытында игеріліп, мақсатты жұмсалуы керектігін жеткізді.

БӨЛІСУ