Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті.

Мәжілісте аудандағы спорт саласының жай-күйі және атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

«Президент Қасым – Жомарт Кемелұлының халыққа ұсынған Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтыру мәселесін, оның ішінде балаларға арналған спорттық секцияны ашу қажеттігін ерекше атап өтті.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аудандағы барлық спорт саласы мекемелерінің жан-жақты, талапқа сай жұмыс жасауын ұйымдастыруды тапсырды.

Бұқаралық спортты, оның ішінде спорттық секциялар желісін дамыту бағытында дұмыс сапасын арттырып, орта буын азаматтар мен зейнет жасындағы тұрғындарды дене шынықтырумен айналысуға тарту бағытында жүйелі жұмыстар үйлестірілетін болады.

Сонымен қатар, халықты бұқаралық спортқа тарту бағытында Жалағаш кентінде адам көп шоғырланатын орындарда, ауылдық жерлерде үстіміздегі жылдың шілде-тамыз айларында ауқымды шаралар өткізу тапсырылды.

Тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда аудан өнерпаздарының ауыл тұрғындарына арналған концерттік бағдарласымен елді мекендерді аралап, концерттік шаралар өту қажеттігі айтылды.

Жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық үйірмелердің саны мен сапасын арттыру бағытында жұмыс жасау қажеттігін жеткізді.

Балалар мен студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандағы спорт мекемелерімен бірлесіп арнайы іс-шараларды қолға алу тапсырылды.

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың
төрағалығымен аппарат мәжілісі отырысында аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм саласының жұмысын жандандыру бағытында қаржылай қолдау тетіктерінде қарастыру қажеттігі айтылды.

Мәжіліс отырысында барлық сала бойынша қосымша тапсырмалар пысықталып, хаттамалық тапсырмалардың толық орындалуы аудан әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменовке жүктелді.

БӨЛІСУ