Бүгін аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жоспарға сәйкес кезекті отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары, мектеп директорлары, кент, ауылдық округі әкімдері қатысты.

Күн тәртібінде «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны аясында атқарылған жұмыстар» туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы, «Демалыс кезінде балалар арасында су, өрт қауіпсіздігінің алдын алу шаралары туралы» аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Өмірбек Жаңабайұлының хабарламалары тыңдалды.

Мәжіліс соңында комиссия төрағасы ағымдағы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және балаларды өрт, су, басқа да сәтсіздік оқиғалары, тосын жағдайлардан сақтандыру қауіпсіздігіне байланысты профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

БӨЛІСУ