Былтыр аудан орталығы Әйтеке би кентінен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін берілетін екі пәтерлі 26 үйдің құрылысы жүргізіліп, 52 отбасы баспана қуанышына кенелген болатын. Бұл жұмыстар ауданымызда биылда жалғасын табуда.

Қазіргі таңда Әйтеке би кентінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін пайдалануға берілетін 150 пәтерлі 75 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан кәсіпкерлермен кездесті. Аудан басшысы тұрғындардың игілігі үшін берілетін баспаналарды өз мерзімінде әрі барлық талаптарға сай сапалы етіп аяқтау керектігін жеткізді. Соған сәйкес аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа құрылысқа қажетті материалдарды жеткізуде немесе басқа да мәселелерге байланысты ешқандай кемшілік болмау керектігін айтып, құрылыс жұмыстарын үнемі бақылауда ұстауды тапсырды.

Айта кетейік, тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары биыл күз айында аяқталып, тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

БӨЛІСУ