Бүгін аудандық мекемелер үйінде Жастар денсаулығы орталығының мамандарымен нарколог-фельдшер Қ.Жұмабеков, акушер гинеколог С.Жәнібекқызы, уролог дәрігер А.Қуатов пен психолог мамандардың қатысуымен аудан жастарымен кездесу өткізілді.
Кездесуде 26 маусым халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні мен жасөспірімдер мен жастардың репродуктивтік денсаулықты күту жөнінде, жастарға жұқтырылған қорғаныш тапшылығының инфекциясын жұқтырудың, есірткі құралдарын пайдаланудың алдын-алуға және есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізуге, есірткінің жағымсыз салдары туралы, сондай-ақ репродуктивтік денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы ақпараттар беріліп, ақпараттық үнпарақтар таратылды.
Жиын барысында есірткіден бойды аулақ салудың маңыздылығын ескертіп, салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақырды.