Бүгін 23 маусым — мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі қарсаңында «BastimeQuiz» интеллектуалдар сайысы өтті.

Білім додасына кент, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары және қызметкерлері, медицина мамандары жалпы 29 мемлекеттік мекемеден 10 команда қатысты.

Елді мекендер мен салалық ұжымдардан жиналған командалар ой қозғап, жинаған білімін, эррудициялық мүмкіндіктерін пайдалана отыра бәсекеге түсті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Денсаулық» командасы топ жарса, екінші орынға «Лидер»(Ақжар, Ақтөбе, ІІІ Интернационал, Жаңажол елді мекендерінен құралған), үшінші орынға «Тұлпар» командасы (аудандық экономика және қаржы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен құралған) тұрақтады

Қармақшы ауданынан алғашқы болып бастау алған ойынның мәресі облыстық ақтық сайысқа ұласады. Сайыс қорытындысымен І орын алған команда облыстық кезеңге жолдама алды.

БӨЛІСУ