Астана қаласында ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникация бойынша көмекшісі Руслан Желдібай «Ассамблея жастары» ұйымы төралқасының мүшелерімен кездесті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен келген «Ассамблея жастары» басшылығы мен белсенділері қатысты.
Кездесуде қатысушалр ҚХА-ның XXXIII сессиясында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша идеялар мен тәсілдерді талқылап, ортаға салды.
Сондай-ақ, Президенттің көмекшісі Ассамблея жастарын Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы белгілеген құндылықтарды ілгерілету үшін креативті тәсілдер мен құралдарды белсенді пайдалануға шақырды.
Айта кететіні, мазмұнды іс-шарада Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы “Ассамблея жастары” ұйымының жетекшісі Елена Пак “Ассамблея жастары” РҚБ төралқа мүшелігіне қабылданды.

БӨЛІСУ