Бүгін Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен кездесу өтті.

“Әділетті Қазақстан – Адал азамат” тақырыбында өрбіген кездесуде “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары, АТТ мүшесі Дәулет Омаров отбасы институтын сақтауға және ұрпақаралық, мәдениетаралық байланысты нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеуге, жастар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында Ассамблея жанындағы құрылымдарының рөлін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, облысымыздағы 11 этномәдени бірлестіктер мен Ассамблея жанындағы қоғамдық құрылымдар жалпыға ортақ құндылықтарды, «алуантүрлілік бірлігі», «бірегейлік», «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаттарын аймақта кеңінен насихаттап жүргендерін алға тартты.
Ал облыстық Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Денис Пак тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету бағытында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы белсенді әрі үйлесімді жұмыс атқарғандығын және екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты айтып өтті.
Өз кезегінде Көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Сағындық Қамитбеков ел бірлігін нығайтуда бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

БӨЛІСУ