Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс XV сессиясы өтті.
Күн тәртібінде «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралып, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Қ.Мүбараков хабарлама жасап, енгізілетін өзгерістерге қысқаша тоқталып өтті.
-Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 431 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы» қаулысы қабылданып, Қызылорда облысының елді мекендерінің газдандыру үшін 16 жобаға 24 020 307 мың теңге қаралды.
2024 жылға арналған облыстық бюджетке өзгерістер енгізу, оның ішінде облыстық бюджеттің өз кірістерінің «Басқа да салықтық емес түсiмдер» бюджеттік коды бойынша ұлғайтылды. Сәйкесінше, шығыстар бөлігінде облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 24 020 307 мың теңге жоспарланды, – деді басқарма басшысы Қ.Мүбараков.
Соған сәйкес, сессия отырысында бұл мәселе депутаттар тарапынан жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

БӨЛІСУ