Қызылорда құтқарушысы мемлекеттік наградамен марапатталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын атқаруда жанқиярлығы, сондай-ақ еліміздегі су тасқыны кезеңіндегі көрсеткен ерлігі үшін Еркін Әмірханов мемлекеттік наградымен «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Еркін Әмірханов азаматтық қорғау органында 12 жыл қызмет өтілі бар маман. Азаматтық қорғау саласында тәжірибелі және өзінің қызметтік міндеттерін тиімді және адал орындайтын Қызылорда облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы қызметін абыроймен атқарып келеді.
Сондай-ақ, ол елімізде орын алған су тасқынының алдын алу үшін құтқарушылар қатарында болды. Бас құтқарушы Е. Әмірханов Қызылорда облысы ТЖД жеке құрамымен 2024 жылғы 1 сәуірден бастап Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы су тасқыны жағдайын жоюға көмек көрсетуге жіберілді.
​2-6 сәуір аралығында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Әйке ауылындағы су тасқын Е. Әмірханов тәуліктің кез келген уақытында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан кезінде құтқару және эвакуациялау жұмыстарына қатысты, 1395 ауыл тұрғындарын су басқан аумақтың батыс жақ бетінен шығыс жақ бетіне қарай тасымалдау жұмыстарына белсенді қатысты. Ағымдағы жылдың 7-11 сәуір аралығында Қостанай облысы Тобол өзені жағасын құммен қаптарды толтырып, бөгетті бекіту жұмыстарын және қауіпті аумақтарда кезекшілік жүргізуге белсенді қатысты. 19-20 сәуір аралығында Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласы аумағында орналасқан саяжайлар тұрғындарын эвакуациялау мен бөгеттерді күшейту жұмыстарына белсенді қатысты. 24 сәуір-21 мамыр аралығында Атырау облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында Жайық өзеніндегі мол судың салдарынан аралда қалып қойған 172 бас малдарды қауіпсіз жерге шығару жұмыстарына белсенді қатысты.
Осылайша, өз кәсіби шеберлік пен қайсарлық көрсете білген бас құтқарушы Еркін Әмірханов құтқару жұмыстарына белсене қатысты.

БӨЛІСУ