Жаз мезгіліндегі азаматтардың су айдындарында суға түсу және қауіпсіздік ереже талаптарын сақтамауы орны толмас қайғыға айналып жатады.
Осы орайда, аудан әкімінің орынбасары, аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері су айдындарындағы келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кент тұрғындары мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық материалдар таратылды.