Табыспен санаспай, алды-артын өлшемей несие ала бергеннің кесірінен түрлі қиындыққа тап болып жатқан жандар жетерлік бүгінде.Мамандар пікіріне сүйенсек, мұның бір ғана себебі қаржылық сауаттылықтың төмендігі. Міне осы келеңсіздіктердің алдын – алу мен азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруды мақсат еткен «AMANAT» партиясы өткен жылы «Қарызсыз қоғам» партиялық жобасын жүзеге асырған болатын.

Қазір жоба ауқымы кеңейіп, еліміздің барлық аймақтарында азаматтар тегін қаржылық сауаттылығын арттыру курстарынан өтуде.

Бүгін аталған жобаның аясында әскери қызметшілер де оқу курсын бастады. Шараға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, жобаның облыс бойынша менеджері Наталья Мишукова қатысып, жобаның мақсатын баяндап, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Атап өту керек, оқу курстары нақты кезеңде Арал және Қазалы аудандарына қарасты елді мекендерде өтіп жатыр.

БӨЛІСУ