Алаяқтық қылмыстарының алдын алу мен тиімді тергеп-тексеруді қамтамасыз ету мәселесі Қызылорда облыстық прокуратурасының Алқа мәжілісінде талқыланды.
Мәжіліске жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары, «Киберпол» арнайы тобының жеке құрамы қатысты.
Жиында сөз алған облыс прокуроры Р.Ожаров соңғы 5 жылда тіркелген жалпы қылмыстардың 31% алаяқтық құрайтынын. Мемлекет басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп, интернет алаяқтыққа тосқауыл қоюды тапсырғанын атап өтті.
Сонымен қатар алаяқтық үшін сотталғандардың 80% жұмыссыз әйелдермен жасалғанына тоқталып, профилактика мәселесінде жаңашыл әдістерді қолдануды тапсырды.
Баяндамашылар тергеу кезіндегі орын алатын проблемалық мәселелердің оңтайлы шешу жолдарын ұсынды.
Нәтижесімен қатысушылар тиімді тергеу тәжірибесін қалыптастыру бағытында нақты іс шаралар белгіледі.