Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Иіркөл және Төребай би елді мекендерінің халқымен кездесті.

Тұрғындармен өткен кездесулерде аудан басшысы атқарылған жұмыстарды саралап, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Биыл Иіркөл ауылында тозығы жеткен электр желілерін қайта жаңғырту мақсатында демеушілік есебінен жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Сондай ақ, Иіркөл, Төребай би ауылдарының бір көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына 85,6 млн. теңге қаржы қаралып отыр.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес нарықты ішкі өнімдермен толықтыру мақсатында Иіркөл ауылында 45 гектар, Төребай би ауылында 43 гектар қосымша бақшалық жерлер дайындалып, 162 отбасыға бөлініп берілді. Нәтижесінде 22 гектар картоп, 12 гектар көкөніс, 54 гектар бақша дақылдары егілді. Одан бөлек Иіркөл ауылдық округінде 323 гектар жерге күріш дақылы орналастырылды.

Жиын соңында аудан әкімі елді мекен тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын және барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.

елді мекен тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Көмекбаев, Қармақшы, Алдашбай Ахун ауылдарында құны 697 млн.теңгеболатын су қабылдайтын құрылғыны қайта құру жобалары іске асырылды.

Төретам және Ақай елді мекенін газдандыру мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, бүгінде Ақай ауылы табиғи газға толығымен қосылды.

Ал, Төретам кенті бойынша құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын (96 %). 2024 жылы Жосалы кентінде жаңадан ашылған “Тәуелсіздік” ықшам ауданының үйлеріне газ желілерін жеткізу құрылысы жүргізіледі.

Аудан бойынша тұрғындарды газбен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайтынДүр Оңғар ауылына газ желісіқұрылысы ағымдағы жылыбасталады.

Электр желілерді қайта жаңғырту бүгінгі күнге өзекті мәселелердің бірі, себебі аудан бойынша электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткен. Осы мәселені кезең кезеңімен шешу мақсатында 2020 жылы Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай елді мекеніндегі электр станциялары қайта жаңғыртудан өткізілді.

Электр желілерін жаңғырту үшін  демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары әзірленген болатын. Ағымдағы жылы Көмекбаев, Ақтөбе, Иркөл елді мекендеріне республикалық бюджеттен 631 млн.теңге қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары жақын арада басталатын болады.

БӨЛІСУ