Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек Қармақшы ауданының Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереков Асқар Ермағанбетұлының 70 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Асқар ағамыз өз ортасында сыйлы да құрметті, халықтың ықыласына бөленген ардагер. Ол көп жылдары коммуналдық шаруашылық, энергетика салаларында және Ақтөбе ауылы мен Жосалы кентінде ел үшін аянбай адал еңбек атқарды. Қызмет еткен уақытында табанды еңбегі мен тәжірибелі іскерлігіне байланысты облыс, аудан басшыларының Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған, – деді аудан әкімі.
Сондай-ақ, облыс әкімінің құттықтау хатын табыстап, қазақы дәстүр бойынша иығына шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Одан соң, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудан ардагерлері Орынбасар Сариев, Әбдірахман Құлдүйсенов, Жақсылық Қыпшақбайұлы, Ешмағанбет Дүйсебаевтар сөз сөйлеп, ізгі лебіздерін білдірді.