Франция делегациясы облыстың маңызды нысандарымен танысты.
Естеріңізге салсақ 13 маусым күні Сыр өңіріне арнайы Франция Республикасы Президентінің Арнайы өкілі Барбара Помпили іс сапармен келген болатын. Сапар барысында Барбара Помпили Қармақшы ауданында орналасқан “Қорқыт Ата” мемориалды кешеніне барып, қасиетті Қорқыт бабаның тарихымен танысты.
Содан соң, Арал қаласына барып, балықшылар аллеясы мен мұражайды аралап, теңізді өлкедегі атакәсіпке қатысты тарихи деректерге қанықты.
Делегация өкілдері 14 маусым күні «АralSeaFood» балық өңдеу зауытында болып, теңіз маржандарын өңдеу жұмыстарының барысын көрді. Зауыт қызметкерлері ауланған балықтардың өңделіп, қатырылып, шет мемлекеттерге экспортталу жолдары жайлы түсіндірді.
Барбара Помпили сапар барысында «Көкарал» бөгеті мен «Ақлақ» су тоспасының қазіргі ахуалымен танысып, теңіз ұлтанына егілген сексеуілдерді көрді. Делегация мүшелері теңіздің тартылуы әсерінен болған экологиялық мәселелермен танысып, оны жақсарту мәселелерін талқылауды «One Water» саммитіне ұсынатын болады.