2023-2024 оқу жылы қорытындысына сәйкес 7 мамандық, 15 біліктілік бойынша 27 топ білім алушысы қорытынды аттестаттау емтиханына жіберілді. Бүгін яғни 15 маусымнан бастап оқу орны бойынша қорытынды аттестаттау емтихандары басталды.
Колледж директоры Жақсыгүл Қоханқызы қорытынды аттестаттау емтиханына қатысушыларға сәттілік тілеп, барлық емтихан жұмыстарының жүргізілу барысына қатысты. Сондай-ақ биылғы оқу жылында ғасырға жуық тарихы бар білім ұясында алғаш рет «Негізгі орта білім беру» мамандығы «Көркем еңбек пәні мұғалімі» біліктілігі, «Хореографиялық өнер» мамандығы «Би ансамблінің әртісі» біліктілігі және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша алғашқы бітіруші түлектер қанаттанады деп күтілуде.
Айта кетейік, қорытынды аттестаттау емтихандары №125 «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгіріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілуде.