Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Әйтеке би кентіндегі құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау ұйымдары және аудандық білім бөлімі мекемелерін аралап, әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді.

Алдымен аудандық прокуратура, полиция бөлімі, аудандық сот сынды құқық қорғау органдары мен білім бөлімі мекемесіне барып, олардың жұмысымен және ғимараттарының жай-күйін көрді.

Мұнан соң аудандық көп бейінді орталық ауруханасы мен оған қарасты емханалардың және «Қазалы Теміржол» аурухансының «Теміржол» емханасына барды.

Аудан басшысы денсаулық сақтау мекемелерін аралау барысында аудандық ауруханадағы ем алушылармен тілдесіп, олардың жағдайын сұрады. Сондай-ақ медициналық құрылғыларды көріп, мекеме басшыларына ғимараттардың аулаларын абаттандыру, санитарлық тазалығына қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ауданның инженерлік-инфрақұрылымын дамыту мәселесі басты назарда. Себебі, жер кезегінде тұрған тұрғындардың саны жылдан жылға артып келеді. Тұрғын үй кезектілігін азайту мақсатында былтыр Ғ.Мұратбаев ауылынан жаңадан ашылған аймақта салынатын тұрғын үйлерді ауыз су, газ және электрменжабдықтау үшін 310,483 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүрді. Сонымен қатар Әйтеке би кентіндегі көлемі 180 гектар жер учаскесіндегі тұрғын үйлерге сервистік ауыз су желісін жүргізуге 109,4 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Өткен жылы аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 4 көп қабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, биыл аудандық бюджеттен тағы 3 тұрғын үй жөнделді. Демеушілік есебінен 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры жабылды. Сондай-ақ, осы жылы Әйтеке би кентінің вокзал маңы және Жеңіс саябағын абаттандырудың жоба сметалық құжаттарын қолға алу жұмыстары басталып кетті.

Жергілікті бюджеттен бөлінген 32,1 млн. теңгеге аудан орталығы – Әйтеке би кентінен көлемі 600 гектар жер учаскесінен салынатын тұрғын үйлерді (электр және ауыз сумен жабдықтау) инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жобасы әзірленіп, тиісті орталық атқарушы органдарға қаржыландыруға ұсынылды.

БӨЛІСУ